Министрлік ұстаздарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Nur-Altay Umirzak

Биыл 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде”, – делінген министрлік ақпаратында.

2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.