Іс ақыры сотқа жетті
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа берілген Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Сейдуалина Тулековаға және оның бұрынғы орынбасары, марқұм Гульнара Егинбаевна Оспанова мен басқарма бухгалтері Жансая Кобыландыкызы Бейсембаеваға қатысты істі қарай бастады. Qaz365.kz тілшісі сот процесіне қатысып жатыр.
Нақтырақ айтқанда, сот басталмай жатып үзіліс жариялауға мәжбүр болды. Өйткені, қорғаушылардың бірі аудармашы болу керектігін талап етті.
Үзіліс алдында сотқа қатысушылар бірнеше мәлімдемелер жасап үлгерді. Мысалы, марқұм Г. Е. Оспанованың қорғаушысы М.М. Төлегенов «өмірде жоқ, дүниеден өтіп кеткен күдіктінің ісін сотта қарау не деген сұмдық? Қайғылы оқиға орын алған соң, күдікті қайтыс болғаннан кейін оған қатысты іс дереу тоқтатылуы тиіс еді. Енді сотқа оның аруағын шақырамыз ба, қалай қараймыз?» деді.
Өткен жылдың наурыз айынан бері тергеу жүргізіліп жатқан іс ақыры сотқа жетті. Ал, оның қашан нүктесі қойылатынын уақыт көрсетеді.
Абдолла Дастанов,
Ұлытау облысы.