“Бұл инвестициялық ақша”: министр эндаумент қорлары не үшін керек екенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Министр жауап берді

Фото: facebook.com/sayasat

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек эндаумент қорлары не үшін керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазірдің өзінде табысты, қалыптасқан эндаумент қорлары бар. Мысалы, республикалық физика-математикалық мектеп қоры, Назарбаев университетінің қоры. Назарбаев зияткерлік мектептерінің қорлары бөлек заңмен реттелген. Сондықтан осының бәрін ескеріп, мықты, табысты эндаумент қорларға бұл заң кіріспейді. Олар өздерінде қалыптасқан практиканы сақтайды.

Бөлек коммерциялық ұйым не үшін құрылуы керек? Эндаумент қорының қайырымдылықтан ерекшілігі бұл инвестициялық ақша. Яғни, тікелей қайырымдылыққа жұмсалмайды. Ол ақша жинақталады, қаржы ұйымдары немесе банктер бұл қаражатпен жұмыс істейді, таза пайдасы ғана қайырымдылыққа қайтарылады", - деді Саясат Нұрбек депутаттардың сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, сыртқы меңгеруші компанияларға осы капиталмен жұмыс істеу мүмкіндігін беру үшін осындай бөлек заңды тұлға қалыптасу керек.