Қазақстандық оқушылар Азия физика олимпиадасынан 8 медаль жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті, Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.

Күміс медаль иегерлері:

  •  Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
  •  Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
  •  Амир Пшенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы;
  •  Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы.

Қола медаль иегерлері:

  •  Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы;
  •  Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы;
  •  Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
  •  Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы НЗМ.

 Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.