Қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы көтеріледі

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Pixabay.com

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде білім беру гранттарының саны 1,4 есе артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz.

2024-2025 оқу жылына бөлінген гранттар саны – 93 116. Оның ішінде 77 084 грант – бакалавриатқа, 13 113 – магистратураға, ал 2 919 – докторантураға бөлініп отыр.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері артатыны белгілі болды.

Бакалавриат деңгейіндегі шәкіртақы 52 372 теңге, магистратурада – 117 098 теңге, ал докторанттарға – 262 500 теңге болады. Яғни, бакалавриат шәкіртақысы 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал магистратура мен докторантурада 1,75 есе өседі, — деді Талғат Ешенқұлов.

Сондай-ақ вице-министр жатақханалардағы орын тапшылығы айтарлықтай қысқарғанын жеткізді. Егер 2019 жылы бұл көрсеткіш 82 500 орынды құраса, 2024 жылы 14 873 орынға дейін азайған.