Шығыс Қазақстанда «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті

Qaz365.kz редакциясы

Байқауға облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

2025 жылғы 23 мамырда Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының  ұйымдастыруымен Ахмет  Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Байқауға облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. 

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Алтай ауданының намысын қорғаған Акимаева Айгүл Еркінбекқызы жеңіп алды.

Жүлделі 1-ші орынға Глубокое ауданының атынан сынға түскен Бексатова Әйгерім Мұратбекқызы лайық деп танылса, 2-ші орынды Ұлан ауданынан келген Бақжан Елсінбекқызы еншіледі, ал Самар ауданынан қатысқан Кезенбаева Лаура Жомартқызы жүлдегерлер үштігін тұйықтады.