Елімізде білім гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

Qaz365.kz редакциясы

Шығармашылық емтихандар уақыты да анықталды. 

Pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арнап маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік дерегінше, негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтсе, 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
 Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтсе, білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады.

Ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.