Мемлекеттің грант иегерлері қашан белгілі болатыны анықталды
2025-жылғы мектеп түлектері оқуға қалай тапсырып, түсетіні туралы күнтізбе кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Құрметті талапкерлер, сіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз:
- Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
- ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
- «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
- Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
- Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
- Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
- Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.