Ол жауапкершілік ата-анаға жүктелуі қажеттігін алға тартты.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында тілшілердің сауалына жауап беріп, Алматы облысында мектеп бітіру кешінде шампурмен оқушыны өлтіру дерегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министрдің айтуынша, егер оқиға мектеп қабырғасында болмаса, жауапкершілік ата-аналарға жүктелуі керек.
Ззаңгерлердің өзі осылай айтса да, біз кінәліні тағы да мұғалімдердің арасынан іздейміз. Сол себепті мен педагог пен мектеп директорын жұмыстан босату туралы шешімге үзілді-кесілді қарсы болдым. Өйткені бұл жағдай мұғалімдердің, мектеп директорының немесе білім беру ұйымының қатысуынсыз, ата-аналардың бастамасымен болған. Сондықтан Алматы облысында мектеп директорына қатысты қолданылмақ болған шараны тоқтатуды тапсырдым, өзім қоңырау шалып, білім беру ұйымының басшысын және сынып жетекшісін қорғадым. Себебі олар қолдан келгеннің бәрін жасады: ата-аналарға ескертіп, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырды. Алайда ата-аналар өз беттерінше әрекет етіп, ақыры осындай қайғылы жағдай болды, – деді Ғани Бейсембаев.
Министр осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту қажеттігін баса айтты.