Барар алдында әлеуметтік желіні тазалап алыңдар – Министр АҚШ-қа оқуға түсушілерге кеңес айтты

Nur-Altay Umirzak

Айта кетейік, бұл шараны бұрын АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың әкімшілігі ұсынған болатын

immunocap.ru

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард университетіне шетелдік студенттердің кіруіне тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетсек, бұл шектеу шарасын АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың әкімшілігі енгізген еді.

– Сот шешімімен бұл жарлықтың орындалуы кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта Гарвардта оқып жатқан студенттерге депортация немесе виза мәртебесінен айыру қаупі төніп тұрған жоқ, – деді министр Сенат кулуарында.

АҚШ Мемлекеттік департаменті студенттік визаларды беру процесінің қайта басталғанын ресми түрде растады. Алайда енді қосымша бақылау шаралары енгізіледі.

– Сол себепті осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық студенттерге ескерту жасағым келеді: аккаунттарыңызды тазалаңыздар және өте мұқият болыңыздар. Өйткені бұл – ресми мәлімдеме, – деп кеңес берді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Гарвард университеті Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттерге қатысты тыйымына байланысты сотқа жүгінген еді.

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл жағдайдың қазақстандық студенттерге қалай әсер ететіні туралы түсініктеме берген болатын.