Педагогтер толтыруға тиіс емес құжаттар тізімі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Педагогтер №130 Бұйрықта қарастырылмаған басқа құжаттарды толтырудан босады

Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш және негізгі орта білім беретін мектептердегі бірқатар педагогтердің толтыруы тиіс құжаттар тізімін азайтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Бұл мектептің пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерін бірқатар құжатты толтырудан босатып, бітпейтін қағазбастылықты азайтуды көздейді. Көп жылдар бойы бұл педагогтер арасында кең талқыланып жүрген мәселе еді. “Мұғалім балаға білім берумен айналыса ма әлде бітпейтін құжатты толтырумен айналыса ма?” –  деген сұрақтар көп болған еді.