Химия, биология, география: Бірнеше пәннен сабақ беретін «универсал» мұғалімдер даярланады

Nur-Altay Umirzak

2026 жылы білім саласына жаңа мемлекеттік стандарт енгізілмек

Фото: epuzzle.info

Елімізде бірнеше пәннен сабақ бере алатын «универсал» мұғалімдер даярланатын болдыдеп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы   "ӨРКЕН" ұлттық ғылыми-практикалық институтының кеңесшісі Гүлнара Абишева мәлімдеді.

“2026 жылы білім саласына жаңа мемлекеттік стандарт енгізіледі. Бұл стандартқа сәйкес, елімізде бірнеше пәннен сабақ бере алатын «универсал» мұғалімдер даярлануы тиіс. Бұл оқу ордаларына география, химия және биология сынды пәндерді біріктіріп оқытуға мүмкіндік бермек. Бұл “Science” деп аталатын интеграциялық жобаға кіріктірілген. Мұндай тәжірибе халықаралық Жоғарғы оқу орындарында да академиялық еркіндік ретінде қарастырылған”, – деді Гүлнара Абишева.

Бірнеше пәннен беретін универсал мұғалімдер бағдарламасын кез-келген  мектеп не оқу орны академиялық еркіндігі бойынша білім беру бағдарламасына енгізуге  жағдайы мен ресурсы жетсе толықтай құқылы.