«Болашақ» бағдарламасы бойынша ұсынылған жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді

Qaz365.kz редакциясы

Тізімге беделді шетелдік университеттер қосылды

Pixabay.com

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024-2026 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға және тілдік курстардан өтуге ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдар тізіміне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңартылған тізімге бірнеше беделді шетелдік оқу орындары енгізілді:

New York Film Academy (АҚШ)

University of the Arts London (Ұлыбритания)

Royal Academy of Music (Ұлыбритания)

И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Ресей)

London School of Hygiene & Tropical Medicine (Ұлыбритания)

University of California, San Francisco (АҚШ)

Осылайша, тізімде қазір 279 шетелдік университет бар.

Тиісті бұйрық 2025 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енді.