Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды

Qaz365.kz редакциясы

Өнерлі отбасыны көпшілік құттықтап жатыр. 

facebook.com/dimashali

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы қуанышты жаңалықты бөлісті – оның кенже қарындасы Раушан Құдайберген университетті тәмамдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесінің әкесі Қанат Құдайберген бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде жариялап, бітіру кешінен суретпен қоса мынадай жазба қалдырды:

«Қанатың талмасын, қызым! Жолыңа нұр жаусын!»

Желі қолданушылары да құттықтауларын жаудырды:

– «Құтты болсын! Әжең, әкең, анаң қызығыңды көрсін, аман жүр! Еңбегің жемісті болсын. Мен де сенің әжеңдей әжемін, менде де сендердей немере-шөберелер бар, шын жүректен тілекшімін!»
– «Керемет, жағымды сәт – дипломың құтты болсын!»
– «Болашағың жарқын болсын!»
– «Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын!».