Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды.
5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде 57-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2025) өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды.
Әлемнің 93 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан бұл зияткерлік додада Қазақстан ұлттық құрамасындағы төрт оқушы тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің жас химиктерінің көшбасшылық мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық құрамаға ғылыми жетекшілік еткен:
Санжар Бегдаир – Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
Ринат Илюсизов – бірнеше мәрте халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев біздің оқушыларымыздың жетістігі - қазақстандық білімдің әлемдегі биік мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.
Бұл жеңіс – жас буынның жарқын болашағына жол ашатын берік негіз деп сенемін. Жетістіктеріңіз еселене берсін, алар асуларыңыз биік болсын! Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де талапты азамат болып өсулеріңізге тілектеспін, – деп жазды министр өзінің ресми парақшасында.
Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, ұлттық құрама бірқатар халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, биылғы оқу жылында еуропалық және халықаралық олимпиадаларда 100% нәтиже көрсетіп үлгерді.