Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаға

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Барселонада өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаған.

Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.