Биыл олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысты
Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді IMO-2025 математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Аустралияда өткен мектеп оқушыларына арналған ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі – математикадан халықаралық олимпиадада (International Mathematical Olympiad, IMO-2025) отандық оқушылар алты медаль жеңіп алды.
Биыл олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысты. Қазақстан құрамасы тағы да үздіктер қатарынан көрініп, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.
Қола медаль иегерлері:
Күміс медаль иегерлері:
Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері – PhD докторы Асылбек Исахов пен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Канат Сатылханов.
Айта кетейік, IMO олимпиадасы 1959 жылдан бері өткізіліп келеді және ол әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді (International Science Olympiads). Қазақстан бұл жарысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 16 алтын, 55 күміс, 81 қола медаль және 29 құрмет грамотасын жеңіп алған