«Бәрін тоқтаттым, қызметтен кеттім». TikTok-тан түспейтін директор мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы
Фото: qaz365.kz

Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жазба қалдырып, оқырмандарды алаңдатып қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам?, - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Директордың бұл сөзіне түсінбеген жұрт пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі сынап жатыр. 

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында әлеуметтік желіден директорларды сынаған болатын.

Әрине, қазіргі уақыт – TikTok-тың, Instagram-ның, Netflix-тің заманы. Оны түсінеміз, бірақ бізде құндылықтар деген бар, мұғалімнің бейнесі деген бар, директордың өзінің бейнесі бар. Балаларға жақын болу өте маңызды. Мен өзім қазіргі уақытта ұстаздық қызмет атқарып жүрмін. Өзіміз оқушы кезімізде мұғалімдерді ерекше құрметтеп, тіпті дем ала алмай, тапжылмай отыратын сәттеріміз болды. Бәрі бірдей болған жоқ. Сондықтан ұстаздың бейнесі өте маңызды, имиджі өте маңызды, беделі өте маңызды. Оны күнделікті күлкіге, әзілге айналдыруға болмайды. Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек. Бірақ балалармен анекдот айтып, түрлі трендтен қалмаймын деп жүргені сұрақ туғызады. Әр нәрсенің реті болуы керек. Сол себепті бұл бағытта министрліктің өзіндік бір ұстанымы болуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.