Жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2025/2026 оқу жылына арналған мектептердегі оқу жылының басталу және демалыс мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиын әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен ұйымдастырылады.
2025/2026 оқу жылына арналған мектеп каникулының кестесі:
1-тоқсан - 8 апта, басталуы: 2 қыркүйек.
Күзгі каникул — 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (7 күн).
2-тоқсан - 8 апта.
Қысқы каникул - 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (10 күн).
1-сыныптар үшін қосымша демалыс: 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында (7 күн).
3-тоқсан - 10 апта.
Көктемгі каникул - 2026 жылғы 19-29 наурыз аралығы (11 күн).
4-тоқсан - 8 апта, оқу жылының аяқталуы - 2026 жылғы 25 мамыр.