Биыл қандай мамандықтарға грант көп бөлінді

Qaz365.kz редакциясы

Сирек мамандықтар (ветеринария, энергетика, су шаруашылығы, ирригация, гидротехнологиялар) бойынша өңірлік квота енгізілді.

Фото: Qaz365.kz/ Бауыржан Карипов

2025 жылы мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында елімізде экономикаға қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше мән берілуде. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша:

  • 2023 жылы – 186 мың,

  • 2024 жылы – 188 мың,

  • 2025 жылы – 216 мың оқушы мектеп бітіріп, жоғары білімге түсті.

Сүйінші жаңалық – биылғы гранттардың 60%-дан астамы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді:

  • Бакалавриатқа – 78 мыңға жуық грант,

  • Магистратура мен докторантураға – 93 мыңнан астам грант.

Үш негізгі бағыт бойынша бөлінген гранттар саны:

  • Педагогика – 13 мың грант,

  • Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект – 11 мың грант,

  • Инженерлік бағыттар – 18 мыңнан астам грант.

Сирек мамандықтар (ветеринария, энергетика, су шаруашылығы, ирригация, гидротехнологиялар) бойынша өңірлік квота енгізілді.

Қосымша қолдау шаралары:

  • Әскери борышын өтеп келген азаматтарға – 2 мың грант,

  • Жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға – арнайы квота,

  • "Серпін" бағдарламасы бойынша – 83% грант игеріліп, тарихи рекорд орнады (бұрын 40-50%, былтыр – 67%).

Министрдің айтуынша, енді өңірлік университеттер өз аймақтарына қажетті мамандықтарға арнайы грант бөлуге мүмкіндік алады.

Бұл шаралар жастарды сұранысқа ие, нақты еңбек нарығына қажетті мамандықтарға бағыттау мақсатында қолға алынды.

Грант иегерлерінің толық тізімін біздің Telegram-арнамыздан көре аласыз.