Қазақстанда оқу жылы ұзара ма: министр не дейді?

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, іс жүзінде оны жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жан-жақты дайындау қажет.

Pixabay.com

Үкіметте Қазақстан мектептерінде оқу жылын ұзарту мүмкіндігіне қатысты тараған сыбыстар талқыланды. Брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жақын арада мұндай өзгеріс болмайтынын мәлімдеді, деп жазады Qaz365.kz.

Оның айтуынша, іс жүзінде оны жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жан-жақты дайындау қажет.

Біз барлық білім беру ұйымдарын және инфрақұрылымды талапқа сай етуіміз керек. Мыңнан астам мектеп толық жаңғыртуды және күрделі жөндеуді қажет етеді. Оларды заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтау қажет, – деді Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, оқу жылын ұзарту мәселесін барлық білім беру мекемелері 100% дайын болғанда ғана көтеруге болады.

Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымдық дамуына қатысты мәселелер толық шешілмейінше, бұл тақырыпқа қайта оралмаймыз, – деп түйіндеді ол.