«Білім алудың ерте-кеші жоқ»: Алматыда 85 жастағы қарт ҰБТ тапсырды

Qaz365.kz редакциясы

Тестілеу электронды форматта өткен

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Алматыда өткен тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 85 жастағы Нұрихан апа қатысты. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Нұрихан апа жастық шағында түрлі себептермен жоғары білім ала алмаған. Ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған кейуана енді сол арманына бір табан жақындап отыр.

Алайда тестілеу электронды форматта өткендіктен, компьютермен жұмыс дағдысы болмаған Нұрихан апа сынақты сәтті тапсыра алмаған. Соған қарамастан ол келесі жылы қайта тапсыру ниеті барын айтқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға ерекше ықылас танытып, 85 жастағы апаның әрекетін білімге деген шынайы құштарлықтың көрінісі деп бағалап жатыр.

«Білім алудың ерте-кеші жоқ» деп жазып жатыр кейуанаға риза болған оқырмандар.