Әбілхан Жәнібек – биыл 5 пәндік ҰБТ бойынша 140 балл жинаған жалғыз түлек.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары көрсеткіш – 140 балл жинаған Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек өз таңдауын жасады. Ол білімін Astana IT университетінде IT мамандығы бойынша жалғастырмақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Енді жас студентке қуанышты жаңалық бар: ол білім алған EDUSER оқу орталығы елордадан комфорт санат бойынша еуропалық стандарттағы екі бөлмелі пәтер сыйлады. Бұған дейін орталық басшылығы үздік нәтиже көрсеткен талапкерге өзі түскен университет маңынан баспана алып беруге уәде еткен болатын.
Әбілхан Жәнібек – биыл 5 пәндік ҰБТ бойынша 140 балл жинаған жалғыз түлек.
EDUSER оқу орталығының мәліметінше, олардың курсына небәрі 400 оқушы қатысқан. Соның ішінде Әбілхан тарихи рекорд орнатып отыр. Соңғы 9 жылда 5 пәннен толық 140 балл алған небәрі үш-ақ оқушы болған.
2025 жылы бізде онлайн дайындыққа қатысқан Әбілхан 140 балл жинады. Бұдан бөлек, 130-дан жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттеріміз де, 120-дан асып, мемлекеттік грантқа түскен оқушыларымыз да көп. 2026 жылы да біздің курсымыздан 140 балл жинаған талапкерге өзі оқуға түсетін қалада пәтер алып береміз, – деді EDUSER оқу орталығының директоры Айдос Жұманазар.
ҰБТ-дан 140 балл алған ауыл баласына уәде етілген пәтер табысталды.
«Біз ЕDUSER компаниясының уәде берген пәтерінде отырмыз. Алла разы болсын ол кісілерге. ЕDUSER компаниясына сәтілік тілейміз. Алда Жәнібек сияқты 140 балл алатын балалар өте көп болсын! Сенбейтіндер бар екен, айтарым - шынайы барлығы. Жәнібектің жасы 17-де. Кәмелет жасқа толмаған. Үй біздің атымызға аударылды. Қуаныштымыз», - дейді Жәнібектің әкесі Асқар Әбілхан.