Мәселе облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының талқылауына шығарылды.
Ақмола облысында 12 200 орынға арналған тоғыз заманауи «Жайлы мектеп» салынып, пайдалануға берілгенімен, оларды күтіп-ұстауға қаражат табу мәселесі әлі шешілген жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәселе облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының талқылауына шығарылды.
Бастапқыда бұл шығындарды республикалық бюджет көтеруі тиіс еді. Жыл сайын қажет қаражат көлемі — шамамен 9 миллиард теңге. Алайда бүгінге дейін республикалық қазынадан бір тиын да бөлінбеген
Салдарынан барлық шығын облыстық бюджетке жүктеліп отыр. Қаражат басқа бағыттардағы үнем есебінен жабылуда.
Депутаттардың пікірінше, мұндай қадам ұзаққа бармайды, себебі үнемдеудің де шегі бар.
Айта кетейік, Ақмола облысы — елдегі жоспарланған барлық «Жайлы мектептерді» уақтылы аяқтап, пайдалануға берген жалғыз аймақ.
Целиноград ауданының Қараөткел, Қаражар, Қабанбай батыр, Қоянды және Ақмол ауылдарында бір-бірден мектеп ашылды. Ал Талапкер ауылында және Көкшетау қаласында екі мектептен пайдалануға берілді.
Бұл көрсеткігі үшін өңір Президенттен алғыс алған еді. Бірақ мақтаумен қатар, күтпеген жерден жаңа мәселе де пайда болды — мектептердің күтім шығындары толықтай облыстың мойнына артылды.
Республикадан әлі күнге дейін нақты жауап жоқ. Мектептер тамаша, бұл — болашаққа салынған инвестиция. Бірде-бір өңір біз сияқты көп мектеп салған жоқ. Бірақ оларды күтіп-ұстау мәселесі бізге ауыртпалық түсіріп отыр. Ертең басқа облыстар да осы проблемамен бетпе-бет келеді, — деді облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Марат Қойшыбаев.
Депутаттар мұнымен шектелмей, алдағы уақытта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында салынған 38 амбулатория мен фельдшерлік пункттердің күтімі де дәл осындай мәселеге айналатынын болжап отыр.