Мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді

uralskweek.kz

Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында айтты.

«Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мына шараларды қабылдау көзделіп отыр: бақылау-өткізу режимінің жұмысын күшейту; келісімшарт аясында күзетшілерге қойылатын нақты талаптарды белгілеп алу; білім беру ұйымдарын қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша аттестаттау жүйесін дамыту», - деп жазылған жауапта.

Министрлік мамандарының пайымынша, мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепке 9 сынып оқушысы мектепке мен пышақ әкеліп, бірнеше оқушыны жарақаттағаны мәлім болған.