Елімізде оқушылар каникулға қашан шығады

Qaz365.kz редакциясы

Министрлік елімізде алғашқы тоқсан аяқталатынын алға тартты. 

Pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталып, күзгі каникул 27 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқушылардың демалысын тиімді және қауіпсіз өткізу үшін «Адал азамат» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың қатарында:

«Кітап оқимыз» атты акция,

«Буллингтен қорған» атты қауіпсіздік сабағы,

мектеп театрларының қойылымдары бар.

Министрлік балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды – жолда, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екені ескертілді.