Атырау облысында 90 мыңға жуық оқушы AmanSultan платформасы арқылы білім алып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Атырау облысындағы мектептер цифрлық білім беру жүйесіне кең көлемде көшіп жатыр. Өңірде 191 мектептің мұғалімі мен 50 мектептің оқушысы еліміздегі жетекші білім беру платформаларының бірі – AmanSultan жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Платформа мазмұны әртүрлі пәндерді қамтитын кең ауқымды білім ресурсымен толықтырылған. Онда орта мектеп деңгейіне арналған 2000-нан астам анимациялық бейнеролик, 1500-ден жоғары интерактивті сабақ, физика, химия және биология пәндеріне арналған 50-ден аса жаттығу құралы бар. Бұған қоса, оқушылар үшін 30 мыңнан астам интерактивті тапсырма және 5–11-сыныптарға арналған функционалдық сауаттылық тренажёрі қолжетімді.

Облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева AmanSultan платформасының бірқатар бірегей мүмкіндіктерін атап өтті.

«Платформада ҚР Оқу-ағарту министрлігі сарапшылары әзірлеген 4 және 9-сыныптарға арналған МОДО тренажёры бар. “МОДО–2025” әдістемесіне сәйкес 460 арнайы тапсырма дайындалған. Бұл – Қазақстанда алғаш рет әзірленген дайындық модулі және тек AmanSultan платформасында қолжетімді. Сондай-ақ мұғалімдер үшін аттестацияға жарамды біліктілік арттыру курстары енгізілген», – деді ол.

Қазіргі уақытта жүйеде 7 мыңнан астам педагог және 90 мыңға жуық оқушы тіркеліп, платформаны күн сайын белсенді пайдаланып келеді.