Мұғалімдерді аттестаттауда авторлық бағдарлама жазу талабы алып тасталуы мүмкін. Министрлік бұл талаптың күткен нәтижені көрсетпегенін ашық айтты. Бұл бағдарлама бойынша қағаз толтыру істері көбейгенімен, білім сапасына нақты әсері болмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау тәртібін қайта қарап, осы уақытқа дейін қалыптасқан ресми талаптардан бас тартуға ниетті. Министрлік бастамасымен саладағы нормативтік-құқықтық актілерге кешенді талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобына еліміздің әр өңірінен белсенді ұстаздар тартылған. Олар бұрын қабылданған бұйрықтардың заңнамаға сәйкестігін, өзара үйлесімін және педагогке түсетін әкімшілік салмағын саралайды. Министрлік бұл жұмысты педагог қауымдастығымен бірлесе, ашық түрде жүргізбек.
«Аттестация кезінде педагогтерге қойылатын талаптар педагог қызметінің нақты нәтижесіне бағытталып, ресми құжат айналымын азайтуды, педагогтердің шығармашылық әлеуетін тиімді пайдалануға және кәсіби шеберлікті бағалаудың сапасын арттыруға мүмкіндік беруі тиіс. Осы орайда сіздердің тараптарыңыздан нақты ұсыныстар күтеміз», — деді Жұлдыз Сүлейменова жұмыс тобының мүшелеріне.
2025 жылы сараптамаға ұсынылған 875 бағдарламаның тек 303-і ғана мақұлданған. Министрлік өкілдері мұндай талап мұғалімнің уақытын алып, қағазбастылықты арттырған.
Алдағы уақытта авторлық бағдарлама әзірлеу міндеті алынып, оның орнына ұстаздың кәсіби шеберлігін, тәжірибесін және нақты нәтижесін әділ бағалауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер енгізілмек.