Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмалары аясында Үкімет қаражаттың тиімді жұмсалуына кешенді талдау жүргізіп келеді. Осы жұмыс шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрі Мәди Такиев ұсынған жекеменшік мектептерді қаржыландыруға қатысты аудиттің алдын ала нәтижелерін тыңдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020–2025 жылдары жекеменшік мектептер саны 203-тен 878-ге дейін көбейген. Осы кезеңде оқушылар контингенті 53 мыңнан 322 мыңға өсіп, алты есе артты. Тиісінше, бюджеттен бөлінген қаржы көлемі де 13,3 млрд теңгеден 248 млрд теңгеге дейін ұлғайып, шамамен 20 есе көбейген.
Аудит қорытындылары 2025 жылдың соңына дейін қаржыландыру жүйесінің шашыраңқы әрі бақылауы әлсіз болғанын көрсетті. Бұл деректерді бұрмалауға және бюджет қаражатын орынсыз пайдалануға жол ашқан. Осы себепті 2024 жылдың соңынан бастап қаржыландыру Orta-bilim.e-qazyna цифрлық платформасына толық көшіріліп, үдерістердің ашықтығы мен автоматтандырылуы күшейтілді. Министрлік жаңа тәсіл тәуекелдерді айтарлықтай азайтқанын атап өтті.
Тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды:
Министрдің айтуынша, бұл жекеменшік мектептердің бір бөлігі мемлекеттік қолдауды білім сапасын арттыру тетігі емес, табыс көзі ретінде қарастырғанын аңғартады.
Қазіргі уақытта аудит жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар әзірленіп, Үкіметке енгізіледі.