Инфляция жалақыны «жұтып» қойды: мұғалімдердің айлығы азайып барады

Qaz365.kz редакциясы

2025 жылдың нәтижесіне қарасақ, білім саласындағы орташа жалақы 6,8%-ға өсіп, 322,7 мың теңге болған

Фото: Freepik

Қағаз жүзінде ғана өсті деп көрсеткенімен қазақстандық педагогтардың жалақысы азайғанның үстіне азайып барады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро (БКБ) мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz3665.kz. 

2025 жылдың нәтижесіне зер салсақ, білім саласындағы орташа жалақы 6,8%-ға өсіп, 322,7 мың теңге болған. Дегенмен инфляцияның кесірінен жағдай керісінше нашарлған, себебі жалақы инфляциядан кейін 4,1%-ға азайған.   

Сарапшылардың айтуынша, білім саласының қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылдан бастап азайып келеді. Оған қоса бұл үрдіс үдеп барады:
•    Алдыңғы жылы бұл айтарлықтай білінбеген.
•    Ал 2025 жылы инфляция педагогтардың қалтасын қақты.

Сондай-ақ білім саласындағы жағдай жалпы экономикадағы жағдайға қарағанда нашарлау. Жалпы экономикамызда да инфляцияның кесірінен азайып кетсе де, айтарлықтай біліне қоймайды.

Білім саласында қызмет ететіндер жұмыс істейтіндердің көп бөлігін қамтып отыр.

•    Жалпы саны – 1,1 млн адамға жуық.
•    Оның 64%. (708 мың) мектеп пен колледжде жұмыс істейді.

Әсіресе орта білім қызметкерлерінің табысы айтарлықтай азайған, пайыздық мөлшермен 6,1% теріс нәтиже көрсетіп отыр. Бұған дейін бәрі керісінше еді: 2019-2021 жылдары педагогтардың жалақысы жылына орташа есеппен 17,8% өсіп отырған. Басқа салалардың алдында еді. Ал қазір бұл өсім инфляцияның кесірінен кері кетіп барады, бұл дегеніміз білім саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің өмір сүру деңгейін төмендетеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімінің өзгергенін мәлімдеген еді.