Алматыда белді ЖОО алдына жиналған 450-ден астам мұғалім шу көтерді

Qaz365.kz редакциясы

Ustudy орталығында база істемей қалған

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Ustudy орталығында база істемей қалған. Содан ұстаздар шу шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

2018 жылдан бастап елімізде аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілген.Оған сәйкес, біліктілік санаттары бойынша қосымша төлемдердің мөлшері жалақының 30 пайыздан 50 пайызға дейін көлемін құрайды. Мысалы, педагог-шебер 300 мың теңге алса, онда қосымша ақы 90 мың теңге немесе одан да көп болуы мүмкін. Аттестаттаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ақысын шеберлік деңгейіне қарай ондаған, жүз мың теңгеден артық көтеруге мүмкіндік берді.

Сондықтан Алматыға тест тапсыруға 500 мұғалім келген. Бірақ база істемей, ұстаздар ұзақ уақыт ішке кіре алмады. 

“Астанадағы база істемейді. Не дәретхана, не отыратын орын жоқ. 500 мұғалім жиналған. Бәрі шулап жатыр. Ішінде мен де бармын”, - дейді бізге пікір білдірген ұстаздардың бірі.

“Жеке тұлғалар” мемлекеттік деректер базасы” қызметіндегі техникалық ақауларға байланысты тестілеуден өткендердің ЖСН фотосуреттерін тексеруде мәселелер туындады.

“Бұл түстен кейін Алматыдағы өңірліктестілеу орталығының (әл-Фараби көшесі, 71/22) кіреберісінде кезектің пайда болуына әкелді. Тәуліктің бірінші жартысында 453 мұғалім қатысқан дәл осы орталықта тестілеу кезінде ЖСН-мен фотосуреттерін тексеруде қиындықтар болған жоқ. Сондықтан тестілеу қалыпты режимде жүргізілді. Қазіргі уақытта мекеменің техникалық қызметі ақауды жою жұмыстарын жүргізуде”,- делінген Оқу-ағарту министрлігінің жауабында.