Мектеп әкімшілігі жасырған: Қолы сынған оқушының анасына Алматының білім басқармасы жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

10 жасар баланың екі жерден қолы сынған

Facebook / Dina Tansari

Алматы қаласының Білім басқармасы білім ошағында қолы сынған оқушыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, комиссия құрылды.

“Балалардың құқықтарын қорғау және мектептегі мән-жаймен оқушылар арасындағы буллингті анықтау мақсатында комиссия құрылды. Ол өз жұмысын 2023 жылғы 17 мамырда аяқтайды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі және оқиғаға қатысушылармен аталған оқиғаларды алдын алу туралы әңгіме жүргізілді. Тәрбие жұмысын әлсіреткені үшін, директорға, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Бұл мәселе толығымен бақылауда”, – деп мәлімдеді Алматы білім басқармасынан.

Мектепте 10 жасар оқушының қолы екі жерден сынғанын жазған болатынбыз. Бір қызығы, мектеп басшылығы бұл оқиғаны жасырған.