Мектептерде соңғы қоңырау өте ме: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Министрлік қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрлі түрлерін қолдайды

gov.kz

Соңғы қоңырауды өткізіп-өткізбеуді мектеп өзі шешеді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Каринова Шолпан мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Әр мектеп соңғы қоңырау өткізу туралы шешімді дербес қабылдайды. Айта кететін мәселе, Оқу-ағарту министрлігі қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрлі түрлерін қолдайды. Оқу-ағарту министрлігінің нормативті құжаттарында мұндай іс-шара өткізу көрсетілмеген. Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда, министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырып өткізуді ұсынды”, – деді вице-министр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны болмайтыны жайлы ақпарат тараған болатын. Ата-аналар соңғы қоңырау деп жалдамалы қымбат көліктерге, аспанға адамдарды алып ұшатын шарларға, ақылы вертолеттерге, тіпті котедждерге дейін тапсырыс беріп қойған