Оқушылардан кітап жинап жатқан мектептер жазаланады – Ғани Бейсембаев

Qaz365.kz редакциясы

Бірақ министр нақты қандай шара қолданылатынын айтпады

ortcom.kz

Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Бірақ соған қарамай кітаптарын тапсырып жатқан мектептер бар. Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тілшілерге ондай мектептер жазаланатынын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

“Егер ондай жағдайлар болса анықтаймыз. Кітаптарын тапсырып, демалысқа ерте шығып кеткен мектептер болса, жазаланады”, - деді Ғани Бейсембаев.

Бірақ министр нақты қандай шара қолданылатынын айтпады.