Астанада жыл бойы оқушыларға сабақ өтпеген мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол үш пәннен сабақ өтуі керек болған

vladtime.ru

Елордада мектеп директорының ісі арнайы жұмыс тобында қаралып, нәтижесінде ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектептегі жағдайға түсінік берді.

«Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқарманың 26 мамырдағы №1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған», - делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектеп директоры «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алып отырған, бірақ сабақты өткізбеген.

Бұл жайында мектеп оқушылары арнайы видео түсіріп, көпшілікке жариялаған болатын.