Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің мүлкіне байланысты былық-шылықты өз бақылауымызға аламыз - Ерлан Саиров

Qaz365.kz редакциясы

Ол кінәлілердің аты-жөні аталып, халыққа шындықты айту керектігін айтты

Коллаж: Qaz365.kz

«АМАНАТ» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров ҚазҰАУ активтерін қайтару мәселесімен айналысатындарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті тәркіленген активтерді университетке қайтару қажеттігі туралы мәселе көтерген болатын.

“Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің мүлкіне байланысты былық-шылықты өз бақылауымызға аламыз.

AMANAT партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Кеңесі аталған оқу орнына тексеру жүргізеді.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті органдармен бірлесіп, мүлікті қайтару жөнінде жұмыс жасаймыз.

"Түйені түгімен жұтатындардың" заманы өтті, олардың атын атап, түрін түстеп шындықты халықтың алдына шығару керек”, – деді депутат.