Бұдан бөлек министрдің айтуынша, тілі орыс тілінде шыққан балалармен де арнайы жұмыс жасалып жатыр
Депутат Нартай Аралбайұлымен сұхбаттасқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшалардағы оқыту тілі қазақша болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап..
«Мемлекеттік балабақшалардың барлығы қазақ тілінде ашылуы туралы шешім бар. Былтырдан бастап мемлекеттік балабақшалардың бәрі қазақ тілінде болуы қадағаланып отыр», – деді министр Бейсембаев.
Бұдан бөлек министрдің айтуынша, тілі орыс тілінде шыққан балалармен де арнайы жұмыс жасалып жатыр.
«Жалпы мына тілі орыс тілінде шығып келген балалар туралы айтып отырсыз ғой, олардың да адаптациядан өтуіне қатысты қазір белгілі мамандар жұмыстар жасап жатыр. Сол әдістемелік дүниелерді енгізу арқылы, біз бұл балаларға да тиісті көмек көрсетуді қолға алып жатырмыз», – деді Ғани Бейсембаев.