15 млн теңгеге сатылған мектеп - Оқу-ағарту министрі не дейді

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай сауал жолдаған болатын

primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін Алматы облысында 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектепке қатысты мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Істің мән-жайын анықтаймыз, бұған дейін кеткен дүниелер ғой. Осыған байланысты бізде тіркелген барлық мектепті тексеруге тапсырма бердік. Осы жағдайға байланысты барлық мектепке ревизия жүргізу қажет деп санаймыз. Бас прокуратураға жүгінеміз», - деді Ғани Бейсембаев.


Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 миллион теңгеге сатылып кеткені туралы мәлімдеген болатын. Кейіннен мектепті сатқан және сатып алған тұлғалардың кім екенін растайтын құжаттар желіге жарияланды.