Балалар ересектердің қарауынсыз қалған
Астана полицейлері балабақшалардың бірінде тәрбиешілерді ес-түссіз мас күйінде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана gолиция департаментіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.
"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру бойынша жеткен полиция қызметкерлері педагогтердің масаң күйде болғанын растады. Оқиға орнына “жедел жәрдем” шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.
Дерек бойынша, Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.