Неліктен ҰБТ тапсырушыларға өз қаламын әкелуге тыйым салынбақ

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті

bilimdinews.kz

Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушыларға қаламсап аудиторияға кіргеннен кейін беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мектеп түлектеріне тестілеуге қалам алып келуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл көптеген түлек қаламға қағаз жасыратынына байланысты.

"Көптеген адам шпаргалкаларды қаламға тығып әкеледі. Осыған байланысты келесі жылы ҰБТ өткізу кезінде тіпті қаламдарды аудиторияда тарату туралы шешім қабылдағымыз келеді", – деді Емелбаев.