«Мектепке хиджаппен кіруге бола ма»: Оқу-ағарту министрі сұраққа дағдарып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол сұраққа сұрақпен жауап берген

egov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «мектепке оқушылар хиджаппен кіруге бола ма?» деген сұраққа нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қолдайсыз ба? Қолдамайсыз ба?» деген сұраққа министр алдымен «сіз қалай ойлайсыз?» деп сауалға сауалмен жауап берген. Журналист зайырлы ел болғандықтан, құптамаймын деп жауап берді.

«Жалпы біз мектепте білім дағдыларын қалыптастырған кезде ел заңындағы талаптарға сәйкес, оқу процесін жүргіземіз. Сондықтан, заң қай мемлекеттік органда болса да қатаң сақталуы тиіс. Біз заң жолымен жүретін боламыз», – деді ол.

Журналист министрдің жауабына қанағаттанбады. «Сұрағыма жауап алмай отырмын» деп қайта қойды.

«Мен сізге жауап бердім», – деді Бейсембаев.