Халықаралық олимпиадаларда топ жарған оқушылар биыл қанша ақша алады

Qaz365.kz редакциясы

Ұстаздар да құр алақан қалмайды

bilimdinews.kz

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, халықаралық олимпиадалардан топ жарған оқушыларға миллиондап ақшалай сыйлық беріледі. Ұстаздары да құр алақан қалмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жыл басынан бері Қазақстанның оқушылары халықаралық олимпиадалардан 230 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 24-і алтын, 72-і күміс, 134-і қола медаль. 

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін қазақстандық оқушыларды тағы 5 халықаралық олимпиадаға қатыстыру жоспарланып отыр. Жалпы биыл халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның намысын 737 оқушы қорғаған. Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы (ISO), Балкан математикалық олимпиадасы (BMO), химиядан оқушыларға арналған халықаралық Менделеев олимпиадасы, Азиялық физика олимпиадасы (APhO), «Туймаада» математика, физика, химия, информатика бойынша мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадасы, халықаралық Балкан жасөспірімдер математикалық олимпиадасы (JBMO), қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO) және тағы басқалар – Қазақстан оқушылары қатысқан сайыстар.

«Халықаралық олимпиададан алтын медаль алған мектеп оқушылары 1500 АЕК (5,1 млн теңге), күміс медаль үшін 1000 АЕК (3,4 млн) , қола медаль үшін 500 АЕК (1,7 млн теңге) көлемінде ақшалай сыйлық алады. Мектеп оқушыларын зияткерлік сайысқа дайындаған ұстаздар да біржолғы сыйақы алады», - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі.