Хиджап мәселесі: министрлік жекеменшік мектептерді тексере ме?

Qaz365.kz редакциясы

Бізде бәрі заңмен регламенттеледі

Коллаж Qaz365.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджаппен бару мәселесі жөнінде тағы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жолы министрге әлеуметтік желі қолданушысының баласын жеке меншікке хиджаппен қабылдағаны жөніндегі мәселенің мән-жайы сұралды.

«Бізде бәрі заңмен регламенттеледі. Сондықтан ол жеке меншік бола ма, мемлекеттік мектеп бола ма,  барлығы сол заң шеңберінде орындалуы тиіс. Сіз қалай ойлайсыз, көпшілік болып қабылдаған заңды орындауға міндеттісіз бе?» - дейді министр.

Журналистер «жеке меншік мектептерге оқушыны хиджаппен қабылдауға рұқсат бар ма?» деп сұраған. Министр барлық мектептер белгіленген заң шеңберінде, белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылуы керек дейді. 

«Жалпы, бізде мониторинг деген бар. Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар барлық өңірдегі сапаның қамтамасыз етілуін қадағалап отырады. Сол кісілерден бізге сигнал түсіп жатса,  олар қарап, сол бойынша өздерінің шешімдерін қабылдайды», - деді ведомство басшысы.