Биыл 382 мыңға жуық бала 1 сыныпқа барады

Qaz365.kz редакциясы

Оның 70%-ға жуығы қазақ тілінде білім алады

stan.kz

1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала 1 сыныпқа барады,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
1 сыныпқа баратын оқушылардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген. Қазақ тілінде оқыту жөнінен ең жоғары пайыз Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелді.

55 мың бала оқу жылын жаңа мектепте бастайды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы 132 мың оқушыға жаңа орын пайдалануға беріледі.