Бұл туралы премьер-министр мәлімдеді
«АМАНАТ» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының премьер-Министрі Әлихан Смайылов студенттер жатақханасы туралы да айтып өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz Үкіметке сілтеме жасап.
“Студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. 2020 жылдан бастап жыл сайын жатақханаларда
10 мың орын пайдалануға беріледі.Жатақханалар құрылысын мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы шеңберінде қазірдің өзінде 99 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 32-сі ашылады деп жоспарлануда.
Бұл ретте 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарынан шыққан, басқа қаладан келген студенттерге жатақханада тұру шығындары өтелетін болады”, – деді Үкімет басшысы.