«Мектепте орыс әдебиетінің орнына Әлем әдебиетін енгізу»: Зайытов пен Аймағамбетов не дейді?

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, «өз әдебиетіміз мектепте тереңдетіліп, тиісті деңгейде оқытылып жатқан жоқ

Коллаж Qaz365.kz

Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов пен Асхат Аймағамбетов орыс тілі мен әдебиетінің орнына мектеп бағдарламасына Әлем әдебиетін енгізу мәселесі жөнінде ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Мен осы бастаманы көрдім. Қателеспесем, күні ертең бізге Оқу-ағарту министрлігі келуі керек. Бұл сұрақты мен де қоямын, неліктен бізде қазақ тілі және әдебиеті сағатынан орыс тілі және әдебиеті сағаты көп екенін сұраймын. Абсурд қой! Жүйеге келтіру керек. Мен толықтай келісемін, біздің балалар әлем әдебиетін оқуы керек, себебі кеңес үкіметі кезінде бәлкім, біздің орталығымыз Мәскеу болған кезде маңызды болған шығар, ал қазір заманның кең шағында барлық әлем әдебиетін оқытатын мүмкіндік барда, мектептерге міндеттеп, тек орыс әдебиетін оқисыңдар деп, басқа елдің әдебиетін ұрпаққа сіңіру қате деп ойлаймын», - дейді Ринат Зайытов.



Оның айтуынша, «өз әдебиетіміз мектепте тереңдетіліп, тиісті деңгейде оқытылып жатқан жоқ.
Ал Асхат Аймағамбетов жаңа білім беру бағдарламалары дайындалып жатқанын, соның шеңберінде әлем әдебиетін балаларға оқыту мәселесі қарастырылып, өз шешімін тауып жатқан.


 
 

«Енді қазір бұл мәселе қалай жалғасатынын мен қазір айта алмаймын. Сондықтан, әріптестерімізге қоясыздар деп ойлаймын. Әрине, әлем әдебиетін оқу өте маңызды, орыс әдебиетін, Толстойды да, Достоевскийді де білуіміз керек. Алайда соның ішінде Шекспир де, Сервантес те керек. Осы тұрғыда тиісті жұмыстарды жасадық, ары қарай қалай жалғасатынын Оқу-ағарту министрлігінен сұрасаңыздар болады», - дейді ол.


Еске сала кетейік, белгілі қоғам белсендісі Тоғжан Қожалы бұған дейін орыс тілінің орнына мектепке әлем әдебиетін кең ауқымда енгізу мәселесін көтерген еді. Оның сөзінше, қазақ және ағылшын тілдеріне қарағанда мектептерде орыс тілі және әдебиеті көбірек оқытылады.


 

«Мен филолог емеспін, бірақ баланың бойына адами құндылықтарды сіңіретін әдебиетпен алмастырар едім. Өз басым бізге берілген әдебиетті қабылдаған емеспін», - дейді ол.