ҚМДБ жаулықтың қандай түрін тағуға болатынын ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы орамалдың ақ және көк түстерін киюуге болатынын айтты

НацАкцент

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жаулықтың ақ және көк түстерін тағуға  болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мүфтият бұл мәселені өз құзыреті, дін мен дәстүр сабақтастығы аясында шешудің оңтайлы жолын ұсынды. Нақты айтқанда, тиісті мекемеге орамалдың ақ және көк түсі ұсынылды. Осыған қатысты әлі де оң шешім қабылданар деген үміттеміз. Алла алауыздықтан сақтасын», - дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министр Аида Балаева мектепке хиджабпен емес,  арнайы бекітілген форма кию міндетті екенін айтқан болатын.
Көрші Өзбекстан бетті тұмшалауға және тоқал алуға тыйым салды.