Бесағашта оқитын 10 жастағы оқушы өзіне қол салмақ болғанын бұған дейін БАҚ жазған еді
Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында 10 жастағы бала өз-өзіне қол салып, арты үлкен шуға ұласты. Баланың анасы істі жасыру үшін мектеп директоры анасына 200 мың теңге ұсынғанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бесағашта оқитын 10 жастағы оқушы өзіне қол салмақ болғанын бұған дейін БАҚ жазған еді. Аталған дерек бойынша облыстық полиция іс қозғаған. №29 мектепте өзіне қол жұмсамақ болған оқушының ата-анасының айтуынша, баласына мектептің дәретханасында әлімжеттік көрсетілген. Алматы арнасының жазуынша, «дәретін сындырып, тәттіні соған малып, немеремнің аузыны салған» деп дабыл қаққан әже осы жағдайдан кейін баланың өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлім еткен. Оның мүшкіл хәлін көріп, енді мектепті сотқа бермек. Оқиға болған күні жедел жәрдеммен бара жатып, осындай аудио қалдырған екен.
Қазір өмірімен есеп айрыспақ болған баланың жағдайы бірқалыпты. Ара-тұра жағдайы нашарлап қалатын көрінеді. Себебі ащы дәрілерді уыстап ішіп, асқазанын жаралап алған. Ал баланың анасы мектеп директорының осындай масқараны жылы жауып, ақша ұсынғанын айтты.
«Мектеп директоры 200 000 теңге беретінін айтты. Өтінішті алып, мектепте ешнәрсе болмағанын айтып, «чатта кешірім сұра» деді», – дейді баланың анасы Әсем Биғалиева.
Талғар ауданы білім бөлімінің бастығы Айнагүл Үшкемпірова «мектеп директоры педагогикалық этикаға жат қылық танытқанын», сол себептті директорға өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынған. Алайда білім ордасының басшысы Назым Сәрсебаева «дәлел жоқ» деп міз бақпай отыр.
Арызданушылар «Алматы облыстық білім басқармасынан келген мамандар алдымен жәбірленуші тараппен емес, әлімжеттік көрсетті деп күдікке ілінген оқушылардың ата-анасымен жабық жиын өткізді» дейді. Жиналысқа зардап шегуші тарап шақырылмаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша істі Талғар ауданының ПБ-да тіркеген.
Алматы облысында өзіне қол салмақ болған баланың анасы мектеп директорының ақша ұсынғанын мәлімдеді.