Депутат Үкімет жартылай қаржыландыратын жекеменшік мектеп ашуды ұсынды
Мәжіліс депутат Айгүл Құспан мектептегі хиджаб мәселесі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Мәжілісмен елде діни мектептерді ашу керек деп есептейді.
«Біздің мектептерді мемлекеттік мектептер және жекеменшік діни мектептер деуіміз мүмкін. Діни мектептерде мемлекеттік бағдарлама бойынша барлық пәндер, физика, математика оқытылады. Оған қосымша медреседе оқытылатын Құран немесе Библия, Тор болсын – діни пәндер берілетін болса және оларды үкімет жартылай қаржыландырса жақсы болар еді. Сол кезде кимешек киетін қыздар немесе дін оқығысы келетін балалар сондай мектептерге бара алушы еді», - дейді депутат мәжіліс кулуарда.
Айгүл Құспан осы мәселе бойынша көп ойланғанын айтады.
«Францияның емес, Еуропаның көптеген елінде осындай бар. Өйткені мен сол елдерде болдым. Дипломат, елші болдым. АҚШ-ты алайық. Ол жақтағы мемлекеттік мектептерде кимешек киюге болады», - дейді ол
Депутат «қазақтың қыздары қысқа юбка кимеген, нашақор болмаған, түнгі клубқа бармаған» деп пікірін қосты.
«Францияны неге мен келтірдім? Францияда мектепке балалар орамалмен бара алмайды. Соны біздің қазақтар керемет «әне Францияны қарашы, неге өйтпейміз» дейді. Франция католиктер елі. Ол жақта діни мектептер мөлшері 50 пайыз», - дейді ол.