Осы мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін мектеп директорына сөгіс берілді
Түркістан облысы Аққұм ауылының мұғалімдері интернет іздеп, көрші ауылға сабылмайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
. Өңірдегі білім сапасын бақылау департаментінің ұйғарымымен ұстаздар электронды форматта рәсімделетін құжаттарын енді қағазға толтырады. Мұндай өзгеріс мектепке жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылғанға дейін күшінде болады.
Сондай-ақ департамент тарапынан осы мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін мектеп директорына сөгіс берілді.